Ресейлік «Лукойл», Лондонда «Sinopec» компаниясына қатысты
төрелік сотқа шағым түсірді деп хабарлайды «ИНТЕРФАКС». Агентіктің ақпаратына
сай, қытайлық компания «Лукойлмен» құны 1,2 миллиард доллар болатын
келісім-шартты бұзған.
Атап айтсақ, «Sinopec» Қазақстандағы көмірсутектер өндірісімен
айналысу бойынша төрт жобада үлесі бар –«Caspian Investment Resources»
компаниясының 50 пайызын сатып алу туралы келісімді орындаудан бас тартқан.
Еске салсақ,
сауда-саттық келісімге қол қою туралы шешім өткен жылдың 15-сәуірінде жарияланған
болатын. Бүгінде «Лукойлға» келтірілген
шығын көлемі 358 миллион доллар көлемінде бағаланып отыр.
Айта кетейік, «Caspian
Investment Resources»
компаниясының Қазақстандағы көмірсутектер өндірісі бойынша төрт жобада үлесі
бар. Олар Әлібекмола және Қожасай, Солтүстік Бозашы және Қарақұдық кен орнындағы
Арман біріккен кәсіпорындары.
Қоса кетерлігі, аталмыш жобалар аясында тауарлық
көмірсутек өндіру бойынша «Лукойлдың»
2013 жылғы үлесі 10,2 миллион баррелді құраған.
Жұрағат БАМАН