Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы - Екатеринбург трассасында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып қалды

AstanaTV
10.02.2015ж. 13:00
973
 Алматы - Екатеринбург трассасында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып қалды

Тағы да автобус апаты орын алды. Алматы-Екатеринбург бағытындағы жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып қалды. Апат кезінде автобуста 40 жолаушы болған.

Бұл туралы Қарағанды облыстық Төтенше Жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы Алматы-Екатеринбург тас жолының 621 шақырымында орын алған.

Апатқа жолдың көктайғақтығы себеп болды деген болжам бар. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Ешбір адам медициналық көмекке жүгінбеген.

Құтқарушылардың хабарлауынша, жүк көлігі жолдан шығарылып, ал автобус қозғалысын жалғастырған.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ