Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда жанар-жағар май бағасы сан құбылып тұр

AstanaTV
11.02.2015ж. 13:00
1178
Атырауда жанар-жағар май бағасы сан құбылып тұр

Атырауда да жанар-жағар май бағасы сан құбылып тұр. Май құю бекеттері әрқайсысы өзі қалаған бағада сатып жатыр. Мысалы, Гелиус жанар-жағар май бекеті АИ-92-ні және дизелдік отынды - 103 теңгеге саудаласа, СинОйл - одан 1 теңгеге қымбат - 104 теңгеге сатып жатыр, дизелдік отын бағасы ұшып тұр - 165 теңге.

Ең арзан бензин шаһарда бірлі-жарым ғана бекеті бар «Ақ тілек» май құю бекетінде. Онда АИ - 92 бензині 98 теңге, ал 80 маркасы 79 теңгеден өткізуде, дизел отынын 97 теңгеден сатуда.

«Қазмұнайгаздағы» баға да қалыспайды. 102 теңгеге сатылуда. Бірақ сатушылар, бағаның өзгертетінін айтып қалды.

Айта кетейік, бүгін Энергетика министрлігі арнайы бұйрықпен дизелдік отын мен АИ-92 маркалы бензиннің литрін 99, АИ-80 маркалы бензинді 89 теңгеден асырмау туралы шектік баға белгілеген болатын.

Разида Сибағатова, «Қазмұнайгаз» жанар-жағар май бекетінің кассирі:

Қазір сағат 12-де ауысады. Қаулы шықты. Қазір ғана телефон соқты. 92 маркалы бензинді 99 теңгеге алмастырыңдар деді. Бізде 80 маркалы бензин жоқ.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ