Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астана» телеарнасында «AstanaLive» жобасы эфирге шығады

AstanaTV
12.02.2015ж. 20:00
1449
«Астана» телеарнасында «AstanaLive» жобасы эфирге шығады

Бүгін «Астана» телеарнасында «AstanaLive» атты жаңа жоба эфирге шығады. Енді  елорда тұрғындары мен қонақтары ең өзекті деген сұрақтарына тікелей эфирде жауап алу мүмкіндігіне ие болмақ. «AstanaLive» қоғамдық, әлеуметтік проблемаларды көтеріп қана қоймай, оның шешімін табуға да үлес қосатын тележоба.

Дәл қазір бағдарлама ұжымы алғашқы шығарылымға әзірленіп жатыр. Бағдарламаның бүгінгі саны - тұрғын үйге мұқтаж жандарға арналмақ. Астанадан пәтерді қалай алуға болады? Кімдер қандай бағдарлама бойынша баспаналы болуға құқылы? Осы және өзге де көптеген сұрақтарға Астана қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов жауап береді.

Көкейіңізді күпті еткен сауалдарды 39-36-48 телефонына хабарласу арқылы немесе AstanaLive@astv.kz электронды поштасына жолдауыңызға болады. Ал тікелей эфир уақыты 21:05.   

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ


Алдыңғы жаңалық