Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нөсер жаңбыр мен көктайғаққа байланысты жолдар жабылып жатыр

AstanaTV
13.02.2015ж. 10:00
1228
Нөсер жаңбыр мен көктайғаққа байланысты жолдар жабылып жатыр

Нөсер жаңбырмен көктайғаққа байланысты Қазақстан аймақтарында жолдар жабылып, тіпті кей жерлерде дауылды ескерту хабарламалары таратылып жатыр. Бүгін таңертең Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін деген болжам бар.

Төтенше жағдай мамандары таулы ауданда абай болуға үндеп, халыққа ескерту таратты. Одан бөлек Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қалың тұман түсіп, жаңбыр жауды, көктайғаққа байланысты автожолдар жабылды.

Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды. Қарағанды-Балқаш тас жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» күрежолында да осындай жағдай.

Синоптиктер 
«бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, қарлы-бұрқасынды, тұманды болады», -деп болжауда.

Илхам ИБРАГИМ