Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Жұмыспен қамту» бағдарламасына 461 мыңнан астам азамат тартылды

AstanaTV
13.02.2015ж. 20:00
1114
«Жұмыспен қамту» бағдарламасына 461 мыңнан астам азамат тартылды

«Жұмыспен қамту» бағдарламасына 461 мыңнан аса азамат тартылды. Басым бөлігі жұмысқа орналасты, оқып, шағын несие алғандары да бар.  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, бағдарлама аясында азаматтардың бес жылға үш миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар. Олар салық инспекциясымен, банктермен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеді. Тамара Дүйсенова 2011 жылдан бері 28 мың Қазақстан азаматы несие алғанын мәлімдеді. Ауыл тұрғындары үшін қосымша 20 мың жаңа жұмыс орны ашылған. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қандай инфрақұрылымдық жобалар іске асыру керек және бұл жобаларда қанша жұмыс орындарын ашу керек, деген мәселелерді анықтаудамыз. 15 наурызға дейін бұл жұмысты бітіруіміз керек. Одан кейін әр жергілікті жерде жұмыс орындарына біздің жұмыспен қамту орталықтары арқылы азаматтарды тарту мәселесін қойып жатырмыз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық