$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Мұнай құны 60 доллар болды

AstanaTV
13.02.2015ж. 20:00
1082
Мұнай құны 60 доллар болды

Brent маркілі мұнайдың бағасы желтоқсан айынан бері алғаш рет 60 долларға көтерілді. Биржадағы мұндай өзгеріс туралы «Рейтерс» хабарлайды. Сарапшылар мұны жақсылыққа жорып жатыр. «Алдағы уақытта мұнай бағасының өсуі мүмкін», - дейді. Америкалық WTI маркалы мұнай құнының да өскені байқалады. Ол 1,5 пайызға артып, 52,02 долларға жетті.

Бағаның өсіміне бірнеше себептер әсер еткен. Осы тұста француздық Total SA геологиялық барлауды тоқтатып, шығынды азайту туралы жоспарын жариялады. Сондай-ақ, Минск келісіміне сай Украинаның оңтүстік-шығысында қарулы қақтығыстың тоқтау ықтималдығы да қара алтын құнының көтерілуіне белгілі бір деңгейде әсер етуі мүмкін.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах