$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Шымкентте төрт адамның ажалына себепкер болған Мұрат Танкеев жазасын қоныс колониясында өтейді

AstanaTV
15.02.2016ж. 20:00
2590
Шымкентте төрт адамның ажалына себепкер болған Мұрат Танкеев жазасын қоныс колониясында өтейді

Шымкентте төрт адамның өмірін қиған жол апатына себепкер болды деген айыппен қамауда болған Мұрат Тәнкеевке қатысты іске нүкте қойылды. Әл-Фараби аудандық соты оны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Ол жазасын қоныс колониясында өтейтін болды. Судья Еркін Оспановтың айтуынша, бұл абайсызда жасалған қылмысқа жатады. Сондай-ақ сотталушыны төрт жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырды. Бұдан бөлек, үш жәбірленушінің біріне 1,5 млн теңге моральдық өтемақы төлеу міндеттелді. Алайда жәбірленуші тарап үкімге қанағаттана қоймады. Қара жамылған отбасының қорғаушысы облыстық сотқа шағымданатындарын айтты.

Гүлжазира Мыңбаева, адвокат:

Қанағаттанған жоқпыз. Ол өзі айтады, адвокаты да айтады «айыбын мойындады ғой» деп. Негізі ол басынан айыбын мойындаған адамға ұқсамайды да. Ана жерде кешірім сұраймын дегеннің өзінде күлімсіреп тұрды. Одан жәбірленуші жақ біреуі сөйлеген кезінде ана жерде көтеріліп, ол біліп тұрды жазасыз кететінін, бас бостандығынан айрылғанда да, қоныс колониясына баратынын, түзеу колониясына бармайтынын біліп тұрып, содан кейін ол жерде кешірім сұрап, бір өкініш білдіріп тұрған адам емес ол.

Еске салайық, ірі жол-көлік оқиғасы өткен жылдың 22 қарашасында болған. Түнгі мезгілде орталық көшелердің бірімен жүйіткіп келген Lexus -570 көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Ауди-80 көлігімен соқтығысқан еді. Салдарынан Ауди көлігінде болған төрт адамның барлығы да көз жұмды. Олар бір үйдің отағасы, оның ұлы және екі немересі болатын. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ