«Ауыл» халықтық-демократиялық
партиясы Парламент мәжілісінің алдағы сайлауына партиялық тізімін ұсынды.
Үміткерлер саны 19. Олардың қатарында
ғылым докторлары мен жеке шаруалар бар.
Астанада өткен партияның кезектен тыс
12-ші съезінде сондай-ақ «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы бекітілді.
«Ауыл дәстүрін жаңғыртамыз» атты бағдарлама ауыл шаруашылығы саласын дамытумен
ғана шектелмейді, - дейді партия төрағасы.
Әли Бектаев, «Ауыл»
халықтық-демократиялық партиясының төрағасы:
«Ауыл»
партиясы үшін басты мақсат - халықтың дәстүрлі құндылықтарын дамыту,
Отанымыз -Қазақстанның тәуелсіздігін арттыру, «Мәңгілік елді» нығайтып, бекіту.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ