Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Республикалық әйелдер кеңесі» бірлестігі кезектен тыс президент сайлауын өткізуді қолдайды

AstanaTV
18.02.2015ж. 20:00
1291
«Республикалық әйелдер кеңесі» бірлестігі кезектен тыс президент сайлауын өткізуді қолдайды

«Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған қоғамдық бірлестік төрайымы Нина Каюпова осыны мәлімдеді. 

Нина Каюпова, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: 

Бұл бастаманың мемлекет үшін маңыздылығын түсіне отырып, «Республикалық әйелдер кеңесінің» мүшелері оны толығымен қолдайды. Президент «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы болашақ жолымызды анықтап берді. Мемлекет бизнесті қолдауға, әлеуметтік міндеттерді орындауға, қаржы секторын оңалтуға қомақты қаражат жұмсап отыр. Жалпы мемлекеттің әлеуметтік міндеттері орындалады. Осындай қиын кезеңде тек Мемлекет басшысының салып берген жолы ғана экономикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі бола алады. Сондықтан біз барлық азаматтарды еліміздің болашақ дамуы алдында бір болуға үндейміз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ