Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанның Іскер әйелдер ассоциациясы президент сайлауын 2015 жылы өткізуді қолдайды

AstanaTV
19.02.2015ж. 20:00
1338
Қазақстанның Іскер әйелдер ассоциациясы президент сайлауын 2015 жылы өткізуді қолдайды

Қазақстанның Іскер әйелдер ассоциациясы Ассамблеяның президент сайлауын 2015 жылы өткізу туралы бастамасын толық қолдайды. Бұл туралы журналистермен кездесуде Іскер әйелдер ассоциациясы мүшесі Гүлзада Өмірбай мәлімдеді.

Айтуынша, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында сайлауды өткізу әбден орынды. «Бұл өз кезегінде бар күшімізді экономика мен әлеуметтік саладағы басым мәселелерге жинақтап, жұмылдыра түсуге зор мүмкіншілік бермек», - деді. 

Гүлзада Өмірбай, Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі:

Істің басында істі басқарып жүрсек те, жүрегіміз - әйел жүрегі. Сондықтан елде болып жатқан, әлемде болып жатқан қандайда бір жағдайларды ерекше жүрекпен сезіп өтеміз. Біздің ойымызша, осы іс әйелдерінің ойынша, президенттік сайлауды өткізу - өте бір керекті шара.

Жұрағат БАМАН 

Алдыңғы жаңалық