Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Сарапшылар: «Малайзиялық «Боинг 777» әуе кемесіне шабуыл жасалған болуы мүмкін»

AstanaTV
24.02.2015ж. 13:00
840
Сарапшылар: «Малайзиялық «Боинг 777» әуе кемесіне шабуыл жасалған болуы мүмкін»

«Ұшты күйлі жоғалмас бұрын малайзиялық «Боинг 777»  әуе кемесі Антарктиданы бетке алуы мүмкін». Бір жыл бұрын жоғалған әуе кемесіне қатысты мұндай тосын мәлімдемені авиациялық апаттарды зерттейтін сарапшылар жасады.

Куала-Лумпурден
 Бейжіңге ұшқан кемеге бәз-біреулер қасақана шабуыл жасады,-деген болжам да жоқ емес. Мамандар «ұшақ радар экранынан жоғалған соң, әуеде бірнеше сағат қалықтаған», дейді, яғни аспанда үш айналым жасаған «Боинг» оңтүстікке, Антарктида бағытына ұшып кетсе керек.

Сарапшы Малкольм Бреннердің пікірінше: 
«әлдекім лайнерді әдейі бұрып алып кеткен». Еске салайық, осыдан біршама уақыт бұрын «ұшақтың бортындағы жолаушылар апаттан ажал құшты»,- деген ресми мәлімдеме жасалды.

Десе де, ұшақ қалдықтары мен жолаушылардың мүрдесі табылған жоқ. Малайзия Эйрлайнс әуе компаниясының ұшағы 2014 жылдың 8 наурызында жоғалған. Ұшақ бортында 239 жолаушы болған еді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА