Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Зейнетақы қорынан 100 миллиардтан астам теңге банктерге берілуі мүмкін

AstanaTV
02.02.2016ж. 20:00
1786
Зейнетақы қорынан 100 миллиардтан астам теңге банктерге берілуі мүмкін

Зейнетақы қорыннан 100 миллиардтан астам теңге банктерге берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Астана» арнасына берген сұхбатта кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. Өйткені банктерде теңге тапшы дейді. Ал мүлік пен ақшаны заңдастыру науқаны аясында сол банктердің есеп-шотына 150 млрд теңге қаражат түскен. Көлеңкедегі ақшаны заңдастыру талаптары желтоқсаннан бері айтарлықтай өзгерген. Содан бері мүлкін жариялағандар саны да күрт өсті. Үкімет үйінен Мөлдір Бақытқызы толықтырады.

Президент зейнетақы қорындағы қаражатқа беталды тиіспеуді тапсырған. Дегенмен қордан отандық банктер 100 миллиардтан астам теңге алуы мүмкін. Кәсіпкерлер палатасы біраздан бері теңге тапшылығын айтып, зейнетақы қорындағы қаржатты «қолқалап» жүр. Бүгін Үкімет үйінде басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қажетті соманың шетін шығарды.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

Совещание было неделю назад, конечно, это не десятки, это касается поддержки банковской сферы. Я думаю, что это от 100 миллиардов выше. 

Қаржы министрінің айтуынша, сол ақша жетпей жатқан банктерге мүлікті заңдастыру науқаны аясында да 150 млрд теңге түскен. Басында банкке салынған ақша бес жыл алынбай сақталады және сол сомадан бюджетке 10 пайыз төленеді делінген. Желтоқсаннан бастап бұл шектеулер жойылды. Ақшаны тіркесе болды. Түк талап етілмейді. Тіпті бұған дейін 10 пайыз төлеп қойғандар қайтып алады. Ал қалталылар асығар емес. Сондықтан министр құлаққағыс жасады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Республика бойынша барлығы 3 миллиардтан астам теңге түсті. Көбі ести қоймаған шығар. Мінберді пайдаланып, азаматтарды мемлекеттік кіріс органдарына барып, бұған дейін төлеп қойған алымдарды қайтып алуға шақырамын.

Шектеулер алынған соңғы екі айда ақша мен мүлікті заңдастыру қарқыны күрт өскен. Желтоқсан мен қаңтарда 160 млрд теңге тіркелген. Ол 15 айда заңдастырылған дүниенің үштен бір бөлігі. Былтыр желтоқсанға дейін барлығы 428 млрд теңгенің мүлкі мен ақшасы заңдастырылған. Қаржы министрі жаппай науқанға кедергі келтіріп жатқан жайттарға да тоқталды. Банктер жұртшылыққа қате ақпарат таратады екен. Сұлтанов банктердің білместігін беттеріне басты.

Есть вопиющий случай в Петропавловске, когда сотрудники «АТФ банк» говорят, что акция по легализации уже завершена.

Бұған Алматыдан бейнебайланыс арқылы жауап қатқан Ұлттық банк төрағасы ақпарат құралдарын айыптады.

Наш мониторинг выявил слабую заинтересованность СМИ в освещении данных событий. 

Ең белсенді өңірлер Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Астана қалалары. Тіпті, тіркелген қаражаттың 95 пайызы алматылықтарға тиесілі. Ал Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Қарағанды облыстары соңында. Павлодарда ауыл тұрғындары белсенді. Тіркелген мүліктің 73 пайызы солардың үлесінде.

Қанат Бозымбаев, Павлодар қаласының әкімі:

В основном легализуемое имущество состоит из нежилых объектов - гаражи, пристройки, летние кухни, различного рода сооружения, которые расположены в сельских местностях.

Мөлдір Бақытқызы, тілші:

Бүгінге дейін ел аумағында барлығы 600 млрд теңгенің дүние-мүлкі заңдастырылған. Ал шет елдегісі 1 млрд теңге. Сырттағы мүлкін 39 отандасымыз жария еткен. Қазір шет елдегі ақшаны елге жеткізіп әуре болмайды. Тек тіркесе болғаны. Кейін қайда жұмсаса да өз еркі. Шет елде тіркелген мүліктің 80 пайызы Араб Әмірліктері, Испания, Венгриядағы зәулім үйлер көрінеді. 2017 жылы жалпыға бірдей декларация тапсыру басталады. Оған әлі бір жылдай уақыт бар, біразы көлеңкедегі қаражатын заңдастарып үлгереді. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ