$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Аветисян отбасының туыстары Армения бас прокурорымен кездестірмесе, үлкен наразылық акцияларын жасамақ

AstanaTV
26.02.2015ж. 13:00
859
Аветисян отбасының туыстары Армения бас прокурорымен кездестірмесе, үлкен наразылық акцияларын жасамақ

Арменияның Гюмри қаласында өлтірілген Аветисян отбасының туыстары ауқымды наразылық акцияларын жасаймыз, - деп сес көрсетті. Олар елдің бас прокуроры Геворг Костанянмен кездестіруді талап етуде.

Зардап шегуші тараптың тергеу амалдарының жүргізілу барысына көңілі толмайды. Сондай-ақ, олар іс Арменияның құқық қорғау органдарына тапсырылсын деп отыр. Бұл туралы марқұмдардың туыстары мәлімдеді,-деп жазады
«Коммерсант».

Жақын күндері тексеру жұмыстары алға жылжымаса, наразылық акциясын бастауға олар бел буып отыр. Еске салайық, қаңтардың 12-сінде Гюмриде ресейлік сарбаз Валерий Пермяков, әскери автоматпен шығып кетіп, жеке үйдегі бір отбасының 6 адамын қырып кеткен еді.

Ертесіне ол қолға түсіп, тергеу барысында қылмысын мойындады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА


 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах