$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот отырысы 4 наурызға белгіленді

AstanaTV
26.02.2015ж. 13:00
611
 Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот отырысы 4 наурызға белгіленді

Бостондағы терактілерді жасады деп айыпталған Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот отырысы 4 наурызға белгіленді. Бұл жайында Массачусетс штатының прокуратурасы мәлімдеді,-деп жазады Рейтерс.

Айта өтейік, 26 ақпанға белгіленген отырыс кейінге шегерілген еді. Өйткені
, алқа билерді таңдау мәселесі ұзаққа созылды. Жалпы қылмыстық істі қарау 3-4 айға созылады,-деп жоспарлануда.

Еске салайық, Джохар Царнаев ағасы Тамерлан екеуі 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонында бірнеше теракті ұйымдастырды деп айыпталды. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 260 адам жараланған.

Тамерлан Царнаев атыс кезінде өлтірілді. Ал Джохар болса
, кінәсін мойындамай отыр. Айта кетейік, Бостондағы жарылыс үшін қазақстандық қос студент Азамат Тәжияқов пен Дияс Қадырбаев та  сотқа тартылды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА



 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах