Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан теннисшісі Адрей Голубев Дубай қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыстан шығып қалды

AstanaTV
26.02.2015ж. 20:00
993
Қазақстан теннисшісі Адрей Голубев Дубай қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыстан шығып қалды

«Плей-офф» ойындарында сынға түсіп жатқан Қарағандының «Сарыарқа» командасы тағы да үздік шықты. Челябі қаласының «Челмет» клубымен қарымта кездесу өткізген Леонид Тамбиевтің шәкірттері 5-0 есебімен жеңіске жетті. Спорт тақырыбын Самат Қанағатов тарқатады. 



Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен Қазақстан теннисшісі Андрей Голубев екінші айналымда Сербия спортшысы Новак Джоковичпен ракетка түйістірді. Кездесу басынан әлемнің бірінші ракеткасы ойын тізгінін қолына алып, бірінші сетте 6-1 есебімен алға шықты.

Үзілістен кейін де ойын бір қалыпты өрбіді. Қарқыны мықты сербиялық сәт сайын ұпай санын арттырып отырды. Өз кезегінде жиі қателесіп, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Андрей Голубев дәрежелі жарыспен қош айтысты.

Келесі ойында Роджер Федерер Испания спортшысы Фернандо Вердаскомен кортқа шықты. Кездесуді ширақ бастаған Пиреней түбегінің өкілі бірінші сетте жеңіске бір табан жақын тұрды. Бірақ алаңда сылбыр қимылдаған Вердаско ойын тізгінін қарсыласына беріп қойды. Мұндай мүмкіндікті пайдаланған Швейцария спортшысы 6-4 есебімен алға шықты.

Екінші сетте алған бетінен қайтпаған Роджер Федерер ұпай санын түгендеді. Өз кезегінде жиі қателесіп, шарасыздық танытқан Фернандо Вердаско жеңілісін мойындады.



Биылғы маусымда ұтылып көрмеген «Астана Арландары» командасы 28 ақпанда кезекті кездесуін өткізеді. Бұл сында Марат Жәкиевтің шәкірттері «Италия Тандер» клубын қабылдайды. Жуырда жекпе-жекке шығатын спортшылардың есімі белгілі болды. 49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов Патрик Баннспен кездесетін болса, келесі салмақта Қайрат Ералиев Майкл Джон Конланмен қолғап түйістіреді. 64 келіде Асхат Уәлиханов Винченцо Мангиакапремен өзара мықтыны анықтайтын болса, 75 келіге дейін салмақта Мейірім Нұрсұлтанов Рафаэль Мунноны сынақтан өткізеді. Ал бұған дейінгі кездесулердің басым бөлігін уақытынан бұрын жеңген Василий Левит Эндри Спахиудың шамасын байқап көреді.  

Самат ҚАНАҒАТОВ

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық