Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Наурызда қазақстандықтар мерекелерге орай 7 күн демалады

AstanaTV
27.02.2015ж. 10:00
1096
Наурызда қазақстандықтар мерекелерге орай 7 күн демалады

Жаңалықтар соңында наурыздағы мерекелер жайлы ақпарат. Наурыз айындағы қос мерекеде қазақстандықтар 7 күн демалады. Бұл жайында ҚазТАГ ақпарат агентігі, Денсаулық сақтау, әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Халықаралық әйелдер күні биылғы күнтізбеде жексенбіге түсуіне орай, мерекелік демалыс 9-шы наурызға ауысқан. Ал, Наурыз мерекесінде отандастарымыз 5 күн демалатын болады. Мемлекеттік мерекелердің бірі - әз-Наурыз 21-мен 23-ші наурыз аралығында тойланады.

Биыл наурыздың 21 мен 22-сі сенбі мен жексенбіге түскендіктен, аталған мерекелік демалыстар 24 мен 25-іне ауысты. Айтып өтейік,
«Қазақстан Республикасының мерекесі» туралы заңына орай, мерекелер аптаның сенбі-жексенбісіне сәйкес келген жағдайда, мерекелік демалыстар аптаның басына ауысады деп көрсетілген.

Т
оғжан ОСПАНБАЕВА















 


Алдыңғы жаңалық