$523.86 €544.34 ₽5.11
×

2020 жылы Қазақстандағы құрылыс толықтай еуростандартқа өтеді

AstanaTV
02.02.2016ж. 20:00
1439
2020 жылы Қазақстандағы құрылыс толықтай еуростандартқа өтеді

2020 жылға қарай құрылыс саласы толықтай еуростандартқа өтеді. Жаңашылдықтар кеңестік кезден қалған, ескірген жүйені біртіндеп алмастырмақ. Алматыдағы Қазақ құрылыс-сәулет ғылыми зерттеу институты АҚ басқарушы директоры Миркен Абақановтың пайымынша, еуропалық стандарттар шетелдік инвесторларға жағдай жасауға жол ашады.

Құрылыс нормалары «еурокод» деп аталатын жүйемен ұштастырылып, сала толықтай жаңа әдіспен бақыланатын болады. Нақтырақ айтсақ, құрылыстың құрылым беріктігі, сәулет-жоспарлау шешімдері мен құрылыс нормаларының маңызды аспектілері еурокодпен сараланады. Бұл туралы «100 нақты қадам - ұлт жоспары»  бағдарламасы аясында да міндеттер жүктелген болатын. Ғалымдар, жаңа жүйе құрылыс саласындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік беретініне сенеді. 


Миркен Абақанов, «Қазақстан құрылыс-сәулет ғылыми зерттеу институты» АҚ басқарушы директоры:

Біз қазір мамандарды даярлауымыз керек. Бұл оңай шаруа емес. Сондықтан еурокодтарға оқыту басталып та кетті. Жалғыз біздің институт емес, мұнымен қазір Қарағанды, Астана және Алматыда мамандар даярлау ісі бар.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ