Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Канада билігі Орталық және Шығыс Еуропадағы НАТО базаларына 125 әскери қызметкерін жібермек

AstanaTV
02.03.2015ж. 10:00
1161
Канада билігі Орталық және Шығыс Еуропадағы НАТО базаларына 125 әскери қызметкерін жібермек

Канада билігі Орталық және Шығыс Еуропадағы НАТО базаларына 125 әскери қызметкерін жібермек. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады. Жауынгерлердің Еуропаның нақты қай мемлекетіне жіберілетіні жөнінде нақты ақпар жоқ.

Қорғаныс ведомствосы Еуропаға әскер жіберу альянстың арнайы операциясы аясында жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ақпанның басында НАТО-ның қорғаныс министрлері Солтүстік Атлантикалық альянстың әскери әлеуетін екі есеге, яғни 13 мыңнан 30 мыңға жеткізу туралы шешім қабылдады.

Ұйым бұл күшейтілім Ресейге қарсы шара ретінде қолға алынып жатқанын жасырмайды. Ресейдің аталмыш альянстағы өкілі Александр Грушко, Мәскеу әскери жоспарлау кезінде НАТО-ның шығыс шебін күшейткенін ескереді,-деп мәлімдеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ