Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда мыңнан астам киіктің мүйізін жинаған аңшы ұсталды

AstanaTV
02.03.2015ж. 10:00
1331
 Қарағандыда мыңнан астам киіктің мүйізін жинаған аңшы ұсталды

Қарағанды облысында киіктің мың данадан астам мүйізін сақтаған екі азамат ұсталды. Олар Қызылорда-Павлодар тас жолының облыстан өтетін аумағында қолға түскен. Екеуі де Қарағандының тұрғындары болып шықты. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

26 және 38 жастағы екі азамат табиғатты қорғау полицейлері жүргізген рейд барысында құрықталған. Олар мінген Митцубиси маркалы автокөлігін тексеру барысында көліктің салонынан 1 мың жиырма бір дана киік мүйізі табылды.

Сақшылардың айтуынша
, қызыл кітапқа енген жануардың 5 жүзден астамы аңшылардың қолынан жапа шеккен болуы мүмкін. Әзірге, өте көп мөлшерде мүйіз сақтаған қарағандылық азаматтар жауапқа тартылуда. Аталған дерек бойынша тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп, бірнеше сараптама тағайындалды.

Болат Тәкішов – Қарағанды облысы ІІД Табиғатты қорғау полициясының бастығы:

ҚО ІІД табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері жедел қызмет басқармасымен біріккен жедел іздеу шарасын өткізді. Шара барысында Қызылорда -Павлодар тас жолында, Абай қаласы маңында екі азамат ұсталды. Олар Қарағанды азаматтары болып шықты. Мыңнан астам мүйіз тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айжан ҚУАШ



Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық