Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен жарысты тамашалады

AstanaTV
02.03.2015ж. 10:00
1785
 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен жарысты тамашалады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен жарысты тамашалады. «Астана-арена» спорт кешенінде өткен футбол бәсекесінде алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» командасы Суперкубок үшін жарыс жолына шыққан.

Ойын нәтижесінде астаналық аяқдопшылар
Оңтүстік астанадан келген «Қайратты» пенальти нәтижесі бойынша жеңді. Президент ойынға қатысушы командаларға табыс тіледі және жеңімпаз топқа Суперкубокты тапсырды.

Жарысқа Швециядан келген төрешілер тобы төрелік етті. Айта кетейік, футболдан Қазақстан Суперкубогы жолындағы жарыс 1995 жылдан бері өткізіліп келеді. Кезекті футбол маусымын ашатын сайысқа әдетте чемпионаттың жеңімпазы мен өткен маусымдағы Кубок иегері қатысады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА