$510.08 €539.61 ₽5.15
×

Мемлекетке тиесілі қаражатты қайтаруға асықпай отырған «болашақтықтар» қатары көбейіп отыр

AstanaTV
15.02.2016ж. 20:00
1726
Мемлекетке тиесілі қаражатты қайтаруға асықпай отырған «болашақтықтар» қатары көбейіп отыр

2013 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айырылғандардың мемлекет алдындағы берешегі 100 миллион теңгеден асты. Бұл жөнінде «Халықаралық бағдарламалар орталығының» басшысы Ғани Нығметов мәлімдеді. Айтуынша, бүгінгі таңда борышкерлер қатарында 43 адам бар. Бұлар түрлі себептерге байланысты Президент грантынан айырылып қалғандар.

Ғани Нығыметов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы:

2013-15 жылдар аралығында 43 адам түрлі себептермен стипендиядан айырылды. Қазіргі таңда сот органдарымен 20 іс қаралып, қаражат мәжбүрлі түрде кері қайтарылды. Бірқатары 3 жыл мерзімінде қайтарамыз деп отыр. Анығы, бір тиын да ысырап болмай, толық қайтарылады.

Жалпы, «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған күннен бастап әлемнің үздік жоғары оқу орындарында 8 мыңнан аса маман даярланған. Жыл қорытындысы бойынша, олардың 99,4% жұмысқа орналасты. Орташа жалақыларының деңгейі  414 мың теңге көлемінде. Айта өтейік, «Болашақ» түлектерінің арасында 4 вице-министр, 5 қала әкімі бар.