Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ҚХР жемқорларды жазалау «машинасы» іске қосылды

AstanaTV
03.03.2015ж. 20:00
1271
ҚХР жемқорларды жазалау «машинасы» іске қосылды

Қытай билігі «мемлекет қаржысын жымқырды және өзіне берілген билікті асыра пайдаланды» деген айыппен 14 генералға қатысты тергеу бастады. Қытай халықтық азат ету әскері жемқорлықпен есімдері былғанған әскерилердің толық тізімін жариялады. Қара тізімде Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі, Орталық әскери кеңестің төрағасы, генерал-полковник Го Босюннің ұлының есімі де бар.

«Олар енді Қытай билігі жемқорларға қарсы бастаған «сұрапыл соғыс» құрбандарының қатарын көбейтпек», - деп жазады Рейтерс агенттігі. Билік қоғамды сауықтандыру жолында тіпті парақорларды азаптаудан да тайынбай отыр. «Әділдік семсерінің» салқынын 50 жоғары лауазымды шенеунік пен оннан аса қатардағы қызметші сезініп үлгерді.

Сарапшылар, бұл Қытай хатшысы Си Цзиньпиннің «билікке деген халық сенімін қайтаруға бағытталған» сайлауалды кампаниясының жемісі, деген пікірде. Тек жыл басынан бері 6000 партия қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Аспан асты елінің басшысы, бұл - үлкен күрестің кіріспесі ғана, дейді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ