Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Украина әлемдік экономикада «бақытсыздық индексі» жоғары бестіктің қатарына кірді

AstanaTV
04.03.2015ж. 10:00
1263
Украина әлемдік экономикада «бақытсыздық индексі» жоғары бестіктің қатарына кірді

Украина әлемдік экономикада жолы болмаған бестіктің қатарына кірді. «Bloomberg» агенттігі құрған «бақытсыздық индексі» осыны көрсеткен. Аталмыш индекс елдегі инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің есебінен құралды.

Бірінші орында Венесуэла. Оның индексі 85 пайыз. Одан кейінгі орынға 30 пайызбен Аргентина жайғасты. Оңтүстік Африка Республикасы, Украина мен Грекия да бестік қатарында. Ал Ресей экономикалық «бақытсыздық» көрсеткіші жөнінен жетінші орынға тұрақтады.

Сәуірден бастап Украинада коммуналдық тарифтер құны көтерілмек. Газ 4 есе, жарық үш жарым есеге қымбаттайды деп күтіліп отыр. Ал ең төменгі жалақы мұнда 43 долларды құрайды. Премьер-министр Арсений Яценюктің айтуынша, жалақы мен зейнетақыны көтеруге әзірше мүмкіндік жоқ.

Жыл соңына дейін Украинадағы жұмыссыздық деңгейі 9,5 пайызды құрайды,- деп күтіліп отыр.

Айгүл ӘДІПБАЙ