Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ҚР Орталық сайлау комиссиясының тағы екі мүшесі сайланды

AstanaTV
04.03.2015ж. 20:00
903
ҚР Орталық сайлау комиссиясының тағы екі мүшесі сайланды

Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгін алдағы электоралды науқанға орай Орталық сайлау комиссиясының кезекті екі мүшесін сайлады. Марат Сәрсембаев пен Владимир Фоостың кандидатураларын депутаттар бір ауыздан қолдады. Екеуінің жоғары деңгейде сайлау өткізу тәжірибелері жетерлік.

Владимир Фоос сайлау комиссиясында 2003 жылдан бері, ал Марат Сәрсембаев - 2007 жылдан тұрақты мүше. Бұған дейін комиссияның төрағасы болып Қуандық Тұрғанқұлов қайта сайланғаны мәлім. Ол бұл қызметті 2007 жылдан бері атқарып келеді. Сондай-ақ, комиссияға Татьяна Охлопкова мен Ләззат Сүлеймен мүше. Ал Бахыт Мелдешов - комиссия хатшысы. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВА