Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ел үшін маңызы зор саяси науқанға дайындық аймақтарда да басталып кетті

AstanaTV
04.03.2015ж. 20:00
912
Ел үшін маңызы зор саяси науқанға дайындық аймақтарда да басталып кетті

Ел үшін маңызы зор саяси науқанға дайындық аймақтарда да басталып кетті. 26 сәуірге белгіленген Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру жұмыстары Шымкентте пысықталды. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтің қатысуымен өткен жиында саяси науқанды лайықты деңгейде өткізу жайы сөз болды. Аумақтық сайлау комиссияларында бекітілген іс-шаралық жоспар бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайы сөз болды.

Айта кетейік, республика бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі бар. Соның 1029-ы Оңтүстік Қазақстан облысының еншісінде. Халқы тығыз қоныстанған бұл өңірде 1 млн 200 мыңнан астам сайлаушы бар. 2011 жылғы сайлауды мыңға жуық шетелдік сарапшы бақылаған еді. Биыл да осы шамада болуы мүмкін. "Сондықтан президент сайлауын бір кісідей атқаруымыз керек", - деді Бақыт Мелдешов. 

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Қазіргі жағдайда осы қазір бүгін кездесіп, облыстық комиссиясымен, аумақтық комиссиялардың төрағаларымен, хатшылармен, оларға жеткізіп жатырмыз. Осы бастама жұмысында қай жұмыстарға көз салу керек. Бұл, әрине, біріншіден, 5 наурызға дейін учаскелік комиссиялардың бәрі, олардың шекаралары газетке жариялану керек. Ол енді акиматтар істейді бәрін, мәслихаттар істейді. Оның бәрін жеткізеді халыққа. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ