$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Президент болудан үмітті жалғыз әйел мемлекеттік тіл сынағын сәтті тапсырды

AstanaTV
06.03.2015ж. 20:00
1284
Президент болудан үмітті жалғыз әйел мемлекеттік тіл сынағын сәтті тапсырды

Президент болуға ниетті жалғыз әйел үміткер бүгін мемлекеттік тілді меңгергенін дәлелдеп шықты. Бұл туралы «Астана» арнасына Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев хабарлады.

Жалпы бүгінге дейін 10 адам президенттікке үміткер ретінде өзін өзі ұсынған. Тек олардың барлығы тіркеле алмады. Екі үміткер лингвистикалық комиссияның сынынан сүрінді. Ал тағы екі азаматтың жастары қырыққа толмағандықтан, олардың өтініші қабылданбады. Тіркелген жалғыз үміткер Лимана Койшиеваны қол жинау науқаны күтіп тұр.

Марат Сәрсенбаев, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

9 аймақтан және Астана мен Алматыдан, осы 11 аумақтан 97 мың 12 қол жинау керек қолдау ретінде, егер ол көлемді жинай алмаса, онда, әрине, бұл талаптан өте алмайды, тиісті талапқа сай келмейтін болып саналады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА