Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылордада соқырлар қоғамына қарасты өңдірістік ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді

AstanaTV
11.03.2015ж. 13:00
4409
Қызылордада соқырлар қоғамына қарасты өңдірістік ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді

Қызылорда билігі уәдесінде тұрды. «Соқырлар қоғамы» қыстан қысылмай шықты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қоғамдық ұйым мен оның жанындағы клуб және тігін цехы пешпен жылытылып келді.

Осыған орай, қала әкімдігі жыл аяғына дейін ғимаратты газ құбыры жүйесіне қосуға уәде берген. Қоғам мүшелері жаңа жылды жылы үйде қарсы алды. Бірақ, екі қабатты өндірістік ғимаратты жөндеу мәселесі шешімін таппай тұр.

Тиісті жұмыстар атқарылса, тігін цехы жұмысты жаңа қарқынмен бастап, басқа да цехтар іске қосылар еді. 400 адам еңбекпен қамтылады. Билік былтыр инвестор іздестіру туралы айтқанымен, ол әлі жүзеге асар емес.

Тәжібай Сыдықов, «Қазақ соқырлар қоғамы Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС басшысы:

Арендательдердің бірнешеуі келіп кетті. Бірақ әлі нақты шешкен жоқ. Көріп, қалай болады, не болады, қаншалықты мөлшерде деп. Біз еңді 15-20 жылға дейін бере аламыз, бірақ әлі ондай нақты келмей жатыр. Мынау здание бәрі ескі, сол швейныйды, мынау контор, склад - бәрін сол жоғары екі қабаттыққа қамтысақ деген мақсат болып тұр.

Қала билігі мәселені оң шешудің жолдарын жан-жақты қарастыруда. Ең тиімдісі-ғимаратты жөндеуге бір емес, бірнеше инвестор табу керек. Бірақ, ол қашан болатыны белгісіз, нақты уақытты шенеунік айта алмады.

Қосым Аңсатбаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары:

Жан-жаққа бөліп демеушілерге, этаж-этаж бойынша, қабат бойынша. Жылуы бар, кафельдеу жұмыстары бар-соларды бөліп, жақында табамыз деп ойлаймын демеушілерді.

Шәрипа САҚТАПОВА