$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қарағанды жастары «Нұр Отан» партиясының шешімін қолдап, флэшмоб өткізді

AstanaTV
11.03.2015ж. 20:00
1378
Қарағанды жастары «Нұр Отан» партиясының шешімін қолдап, флэшмоб өткізді

Қарағандылық жастар «Нұр Отан» партиясының шешімін қолдап, флэшмоб өткізді. «Жастар» спорт кешеніне жиналған 5 мыңнан астам студент «Алға, Қазақстан!» деп ұрандатты. Белсенділердің мақсаты - елдегі саяси өмірге араласып, болашақ ұрпақтың азаматтық позициясын жариялау.  

Белсенді жастардың ерекше флэшмоб ұйымдастыруына Астанада өткен партияның ХVІ съезі себеп болған. Олар съезд делегаттарының қазіргі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенттігіне үміткер ретінде ұсынуын бірауыздан қолдайды. Студенттер ұрпақтың тағдырына қатысты маңызды шешімдерді елдің басты партиясы қабылдайтынына сенеді. Жастардың пікірінше, қазіргі білім саласын жетілдіріп, дамытуда Мемлекет басшысының ролі зор.

Радик Ғадылбеков, студент:

«Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінің шешімін қолдауға осында жиналып отырмыз. Жалпы ертеңгі кемел болашақ жастар ғой. Сондықтан осы іс-шараның мақсаты - азаматтық белсенділігімізді көрсету.

Айжан ҚУАШ