Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ортақ валюта туралы Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің ұстанымы сәйкес емес

AstanaTV
11.03.2015ж. 20:00
1397
Ортақ валюта туралы Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің ұстанымы сәйкес емес

Күн сайын құлдырап бара жатқан рубль валюталық одақ құруға мүлде тиімсіз. Экономист Меруерт Махмұтова осындай пікірде. Оның ойынша, ортақ валюта туралы Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің ұстанымы сәйкес емес.

Меруерт Махмұтова, экономист-сарапшы:

Кремльдің ортақ валютаны қалыптастыруға қатысты жоспарлары өте ауқымды болса керек. Яғни құлдырап бара жатқан рубльді Қазақстан, Белоруссия, одан қалды Арменияға ұсынуда. Меніңше, Қазақстан да, Белоруссия да бұл қадамға бармайды. Демек, өз ұлттық валюталарынан бас тартпайды. Елдің қаржы-несиелік саясатын ұлттық банк жүргізуі керек. Валюталық одақ құру - Ресей тарапынан жасалып отырған ұсыныс. Осыдан бір жыл бұрын вице-премьер Шувалов бастама көтерген болатын. Қазақстан жағы әзірге байсалдылық танытып отыр. Мұны оңай түсіндіруге болады. Себебі, шындығын айтқанда, валюталық одақ құру әзірге орындала қоймасы анық. Бәлкім, 2025 жылға таман болар. Болар болмасы да екіталай.

Берік ХАСЕНОВ