$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында бір күнде бес адамды ит талаған

AstanaTV
12.03.2015ж. 10:00
1805
Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында бір күнде бес адамды ит талаған

Жамбыл облысында бір күнде бес адамды ит талаған. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғындары 5 жылдан бері төбеттерден мезі болғанын айтып отыр. «Питбуль» тұқымды иттер адамды талап жеуден тайынбайды. Сорақысы сол, қабаған иттердің қожайыны оларға «қой» деудің орнына, керісінше адамдарға қарай айтақтап отырады екен.

Ауыл тұрғындарының берекесін қашырған, мына кісінің төбеттері. Сегізінші наурыз күні бес бірдей адам итке таланып, ауруханаға жеткізілген. Солардың бірі - Раушан Үкеева. Ол қазір ем қабылдауда.

Бұған РОВД-ның әлі келмейді. Прокуратураның әлі келмейді. Бұл бірінші рет емес. «Фас!», - деді сол кезде мені талады. Егер көршінің баласы болмағанда өлігімді алып кетер еді.

Сол күні 9-сыныпта оқитын Назарбай Аңсатбайды да әккі иттер әкесімен бірге талаған. Байлаусыз бос жүрген төбеттердің баласына шапқанын көрген әке, арашаламақ болады. Алайда, ұлымен қоса таланған. Қазір мектеп оқушысы да ем қабылдап жүр.

Назарбай Аңсатбай, 9- сынып оқушысы:

Досыммен келе жатыр едім, артыма қарап едім, екі ит жүгіріп келіп, екеуі талады. - Қандай пародадағы иттер олар? - Екі пидбуль, екеуі де. - Қанша жеріңнен қапты? - Екі аяғымнан, санымнан, қолымнан. Ит қапқаннан кейін былай түзу жүре алмаймын да, ақсаңдап жүремін.

Ал, тілшілерге тіксініп қараған төбет иесі Роза Буташова иттеріне шаң жуытпады.

Роза Буташова, иттердің иесі:

Получается у вас собака нету? Нету, у меня одна старая. - Вред собака есть - Корова старая, вот кровь ее убили. На мусорку отвезли. - Порода какая у вас собак? - Питбуль! А сейчас нету. Собак дальше будете держать? - Я даже волка привезу.

Қабаған ит ұстаған тұрғынның бұл әрекетіне жергілікті әкімдіктің де әлі келмей отыр. Ал, Байзақ аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының өкілі мұны естіп жағасын ұстады.

Мұхтар Қилыбаев, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі:

Үйінің ішінде байланып тұрған итке біз ештеме дей алмаймыз. Қайтып шығармаймыз деп уәде берген. Бірақ, енді түн ішінде босатып жіберетін болу керек. Біз енді түнде оны аңдып отыра алмаймыз ғой. Бұл ауру кісі өзі. Писхикалық ауытқушылығы бар. Енді шара қолданамыз. Енді сыртқа шығарса атамыз.

Серік Әбдірасілов, Байзақ аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бас маманы:

Больницаға бес адам подряд түскен. Ол деген уже ЧП саналады. Білесіздер құтыру ауруы бізде өте қауіпті ауру. Егер адам құтырса бірден өледі. Хозяинмен сөйлесіп көреміз. 10 күн бақылауда болу керек, потому что құтырған құтырмағанын білу керек.

Иттерден қорқып қалған көпшілік, хайуанның қожайынынан да именеді. «Ол қазір иттерін тығып отыр», - деген ауылдықтар тілшілер кеткен соң, қабаған иттер қайта еркінси ме,- деп алаңдаулы.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ