Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ОҚО су тасқынына дайындықты пысықтады

AstanaTV
12.03.2015ж. 10:00
1046
ОҚО су тасқынына дайындықты пысықтады

«Көктем-2015». Шымкентте көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстары пысықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің оқу-жаттығу сценарийі бойынша: нөсер жауын салдарынан «Қосдиірмен» каналы арнасынан асып кету қаупі бар.

Тұрғын үйлер су астында қалмас үшін, әскерилер құм толтырылған қаптармен бөгеттер тұрғызып жатыр. Тілсіз жаудан абдырап қалған тұрғындардың қажетіне қарай медициналық көмек көрсетіліп, адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға 11 мекемеден 175 адам жұмылған. 25 техника қатыстырылды. Айта өтейік, өткен жылы мамырда дәл осы жерде тоқтаусыз жауған жауын салдарынан біраз үйлердің ауласына су кірген.

Материалдық шығын келген еді. Тіпті бір үй құлап қалған болатын. «Биыл мұндай кемшіліктерге жол бермейміз»,- дейді салаға жауаптылар. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында су тасуға бейім аумақтар баршылық. Таудан бастау алатын өзендер көп.

Батырғали Сопбеков, ОҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Бізді бір қуантатыны жерде тоң жоқ. Сондықтан қазіргі таңдағы өтетін сулар, өткізетін суды өткізеді деп ойлаймыз. Пока тұрақты. Оған біз біршама дайындығымыз бар.Қазіргі жүргізілген оқу-жаттығу бойынша жұмылдырған күш пен құралдардың дайындығы жақсы деп айтуға болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ