Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Роскосмос өкілдері Қарағанды облысы әкіміне «Калашников» медалін тақты

AstanaTV
12.03.2015ж. 20:00
854
Роскосмос өкілдері Қарағанды облысы әкіміне  «Калашников» медалін тақты

Бүгін Ресейдің «Союз ТМА-14М» ғарыш кемесінің экипажы Жезқазған қаласы маңына сәтті қонды. Орбитада шамамен 170 тәулік бойы жұмыс істеген экспедиция мүшелерін жергілікті атқамінерлер «Сарыарқа» әуежайында қарсы алды. Ал Роскосмос өкілдері аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековке «Калашников» төсбелгісін тақты.

«Калашников» медалімен орыс ғарышкерлері Елена Серова мен Александр Самокутяевтер де марапатталды. Ал американдық NASA ғарышкері Барри Уилмор  кездесуге қатыспады. NASA өкілдері оның АҚШ-қа ұшып кеткенін айтқан. Жергілікті дәрігерлер, экипаж мүшелерінің денсаулығы қалыпты, деген қорытынды жасады. Ғарышкерлер бірнеше рет ашық орбитада ғылыми зерттеулер жасаған. Сондай-ақ, жер шары мен өзге де ғаламшарлардың ерекше суреттерін түсіріп алғанын қуана жеткізді. 

Александр Самокутяев, Ресей ғарышкері:

Бізде бәрі жақсы. Ойдағыдай болды. Қазақ халқы қашанда жылы қарсы алады, көмектесуге әзір. Қонақжайлықтарыңызға үлкен рахмет! 

Айжан ҚУАШ