Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылжар өңірінде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар далада қалайын деп тұр

AstanaTV
12.03.2015ж. 20:00
1089
Қызылжар өңірінде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар далада қалайын деп тұр

Солтүстік Қазақстан облысында қаңғыбастар уақытша паналап жүрген үйлерінен қағылмақ. «Большая малышка» ауылындағы жер үйде қазір 15 адам тұрып жатыр. Оның жартысынан астамы - кембағал жандар. Кезбелердің бұл баспананы қоныстанғанына 1 жылдай уақыт өткен. Таяуда үйдің заңды иесі нысанды сатып жібереді. Енді бір аптадан соң мұндағылардың далада қалатын түрі бар. Кембағал жандардың мұңына аймақтағы әріптесім Абзал Құрманкин құлақ түрді.

Нары, да, так называемые в простонародье, нам прислали с третьей колонии. Я к ним обращался за помощью. Потому что не хватало лежачих мест.

15 адамның ішіндегі еті тірі Денис есімді жігіт ағасы. Осы ортақ баспананы тапқан да сол. Мұндағы басты талап - арақ ішпеу, темекі шекпеу. Нәтижесінде үйдің іші әрдайым мұнтаздай таза. Үйсіздер  қайырымды жандардың көмегінің арқасында күн көріп келеді. Жазды күні кезбелерге бір кәсіпкер қол ұшын созып, екі шошқа сатып әперген. Оны күтіп-баққан тұрғындар болашақта шошқа басын көбейтуді жоспарлаған.

Валерий Арих:

Шошқаларға артылған тамақты береміз. Арасында маңайдағы тұрғындар жем-шөп әкеледі. Жақын арада төлдейді деп, күтіп отырмыз.

Денис бұл баспананы былтыр танысынан сұрап алған. Ал таяуда үйдің заңды иесі баспананы сатып жіберіп, тұрғындардан оны босатуды талап етіп отыр. Туған-туыстары жоқ азаматтарға енді көше кезуге тура келеді.

Денис Насретдинов:

Мұнда есімізді енді-енді жиып, адам сияқты өмір сүріп жатыр едік. Барлығы зая кетпек. Қайырымды жандар қаржы жағынан аздап көмектесеміз дейді. Бірақ ол ақша бәрібір баспанаға жетпейді. Қазір басқа үй іздеп жүрміз.

Бір топ қаңғыбасты Петропавлдағы бейімдеу орталығы қабылдауға қауқарсыз. 64 адамға шақталған мекемеде орын жоқ. Бұл мәселеден жергілікті билік хабардар Бірақ «қолдан келер қайран болмай тұрғанын» айтады.

Ринат Елжасов, СҚО әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары:

Мемлекеттік органдар жеке ұйымдарға, тұрғындарға үй сатып ала алмайды. Алайда, бұл мәселе қарастырылу үстінде. Сәл уақыт керек. Бәлкім, демеушілер табылып қалар.

Аптаның аяғына дейін 15 адам үйреніп қалған баспаналарын босатуы керек. Жұрттың көмегінен үміттері болса да, кезбелер қазір киім-кешектерін жинап, жүктерін буа бастады.

Абзал ҚҰРМАНКИН