$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Павлодарлық «Нұр Отан» партиясы тағы бір бастауыш ұйыммен толықты

AstanaTV
03.02.2016ж. 20:00
2333
Павлодарлық «Нұр Отан» партиясы тағы бір бастауыш ұйыммен толықты

«Нұр Отан» партиясының Керекудегі филиалы тағы бір бастауыш ұйыммен толықты. Жеке кәсіпорын аясында құрылған бастауыш партия ұйымының алғашқы отырысына партияның облыстық филиал төрағасының орынбасары Илья Теренченко қатысты.

Жиын барысында бастауыш ұйымның төрағасы таныстырылып, алдағы жоспарлар пысықталды. Сондай-ақ, кәсіпорынның 15 жұмыскеріне партия билеттері табысталды. Бас партияның облыстық филиалының мәліметінше, бүгінде Павлодар өңіріндегі нұротандықтардың саны 64 271 адамды құрап отыр. Ал бастауыш ұйымдардың қатары 406-ға жеткен.

Айбек Жұмат, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз хатшысы:

«Сови КЗ» ұйымы негізінде бастауыш партия ұйымы құрылды. Оның басшысы болып Пряхин Виктор Петрович сайланды. Сондай-ақ партия мүшелігіне қосымша 15 адам еніп отыр. Олардың бәрі еліміздің өсіп-өнуіне үлесін қосуға дайын.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ