Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Шығыс Қазақстан облысынан 109 Кеңес Одағының батыры шыққан

AstanaTV
13.03.2015ж. 10:00
2706
 Шығыс Қазақстан облысынан 109 Кеңес Одағының батыры шыққан

Ұлы Отан соғысы жылдары, Шығыс Қазақстан облысының 109 сарбазы мен офицеріне жанқиярлық ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры мәртебелі атағы берілді.

Өскеменде Жеңістің 70 жылдығына арналған,
«Біздің ержүрек жерлестеріміз» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге әдеби очерктер мен әңгімелер, газет қиындылары мен майдан жылдарындағы басылымдар, сондай-ақ соғыс жылдарындағы құжаттар қойылды.

Айта кетейік, «Кеңес Одағының батыры» мәртебелі әскери атақ, Қазақстанның 500-ге жуық майдангеріне берілген. Олардың әрбір бесіншісі - шығыс қазақстан облысынан шыққан.

Мұндай деректерді облыстық кітапхана қызметкерлері айтты. Ең алғашқы рет, Кеңес Одағының Батыры атағы 1942-жылы Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін Төлеген Тоқтаровқа беріліпті.

Одан кейінгі жылдары - Сталинград үшін шайқас, Курск ұрысы кезінде, сондай-ақ, 42 жауынгерге батыр жұлдызы Днепрді азат етудегі ерлігі үшін тағайындалған.

Тіпті соғыстан кейін де, жоғары әскери атақ қаһармандық ерлігі үшін өз иесін тапқан.

Меруерт Емелбаева, ШҚО А.Пушкин атындағы кітапхананың бөлім меңгерушісі:

Жалпы Қазақстаннан 497 адам «Кеңес Одағының батыры» атағын алса, соның 109-ы біздің жерлестеріміз. Демек, Қазақстан аймақтарында ең көп батыр Шығыс Қазақстаннан шыққан екен.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ