$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Жұмыссыздар енді еңбекпен қамту орталығымен әлеуметтік келісімшарт жасай алады

AstanaTV
04.02.2016ж. 20:00
1456
Жұмыссыздар енді еңбекпен қамту орталығымен әлеуметтік келісімшарт жасай алады

Жұмыссыздардың екі қолға бір күрек табуына мүмкіндік жасалмақ. Енді азаматтар жұмыспен қамту орталығымен әлеуметтік келісімшарт жасай алады. Бұл туралы Сенатта «Жұмыспен қамту туралы» жаңа заң жобасын таныстырған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Айтуынша, жұмысын жоғалтқандарға төленетін әлеуметтік төлемдердің уақыты ұзармақ. Жұмыстан шығып қалғандарға жалақысының 35 пайызға дейінгі мөлшері бір жылға дейін субсидияланады. Сондай-ақ ол азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жайы қарастырылмақ. Егер отбасының кірісі жанұяның әрбір мүшесіне шаққанда кедейлік шегінен аспаса, атаулы әлеуметтік төлемдер жасалады. Ал белгілі бір мамандығы жоқ азаматтар оқып, кәсіп иесі атануға мүмкіндік алмақ.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Мамандығы жоқ болатын болса, ол адамды толық оқытуға кәсіптік-техникалық оқу орнында жылына 343 мың теңгені мемлекет толық төлейді. Стипендиясы 2016 жылдан бастап 22 мың теңге көлемінде, оны да мемлекет төлейді. Жататын жері мен жол қаражатын да мемлекет өтейтін болады.