Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев «Мейірімділік» қорының директоры Аружан Саин мен Мемлекеттік тілді
дамыту қорының директоры Азат Шәуеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз
қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы аталған қорлардың әрқайсысына 300 мың
доллардан берілетінін, бұл оның Қытайға сапары кезінде алған «Жібек жолы» бейбітшілік
сыйлығының қаражаты екенін айтты.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
Я был награжден
специальной медалью фонда Великий шелковый путь который создан в Китае.
Председатель Си Цзиньпин вручил мне этот фонд, и я получил соответсвующий
гонорар. Вот я хочу поделится с вашими фондами. Всех проблем ваших не решит. Но, мы будем просить, говорить и подсказывать казахстанским гражданам и деловым
людям чтоб они обращали на такие фонды больше внимания.
Кездесу
барысында Президент әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетудің
маңыздылығын атап өтті. Балалар арасындағы онкологиялық ауруларға, жалғыз басты
аналар мен бала асырап алу мәселелеріне баса назар аудару керектігін айтты.
Проблемаларды түгел шешу мүмкін емес. Осы тұста
қалталы азаматтардың назарын қайырымдылық қорларына бұру керек,- деді Нұрсұлтан
Назарбаев. Президент мемлекеттік тілді дамыту мәселесіне де тоқталды.
Қазіргі
таңда әсіресе жастар арасында тіл білімін шыңдай түсу маңызды. Қор басшысы
атқарылып жатқан біршама істерге, қазақ тілін үйрететін «Сөйле
KZ» порталының
жетістіктеріне тоқталды.
Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:
Ғаламтордың жаңа
технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып, азаматтарға қазақ тілін тегін
үйретуді қолға алып отырмыз.Онлаин режимінде тегін тіл үйретеді, тек біздің
қазақстандықтар ғана емес, шетелдегі 5 млн қандастарымыз да хат жазып электронды
түрде, рахметін айтып 1 жыл ішінде дүние жүзінде 300 мың адам порталымызға
тіркеліп, қазақ тілін үйреніп жатқандар саны бүгін 20 мыңнан асты.
Жұрағат БАМАН