Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Нью-Йоркте газ жарылысынан зардап шеккендер саны 19 адамға жетті

AstanaTV
27.03.2015ж. 13:00
975
Нью-Йоркте газ жарылысынан зардап шеккендер саны 19 адамға жетті

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында газ жарылып, салдарынан үш тұрғын үй кешені зақымданды. Алапат жалынмен әлі де 250-ге жуық адам күресіп жатыр деп хабарлайды Рейтерс. Қала мэрі Билл де Блазионың айтуынша, бірінші қабатта жұмыс істеп жатқан азаматтар газ құбырына зақым келтірген.

Жарылысқа осы жайт себеп болуы мүмкін. Соңғы мәлімет бойынша 19 адам жарақат алды. Оның төртеуі аса ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жарылыс болған ғимарат 1990 жылы салынған.

Куәгерлердің айтуынша, газ жарылысы болған заматта өрттен зардап шеккендер мен  ғимарат опырылғанда жарақат алғандар қансыраған күйі сыртқа ұмтылған. Абырой болғанда оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дер кезінде келіп, жарақаттанғандарды ауруханаға жеткізген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ