Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қоғамдық комиссия: Кандидат Ә.Құсайыновтың сайлауалды кампаниясы ашық әрі әділ жүргізілуде

AstanaTV
06.04.2015ж. 20:00
1328
Қоғамдық комиссия: Кандидат Ә.Құсайыновтың сайлауалды кампаниясы ашық әрі әділ жүргізілуде

Өзінің сайлауалды бағдарламасын қызылордалықтарға таныстырған кандидат Әбілғазы Құсайынов үміткерлердің сайлауалды жұмыстарын бақылайтын қоғамдық комиссия өкілдерімен жүздесті. Комиссия төрағасы Нұрлан Ерімбетов Әбілғазы Құсайыновтың үгіт-насихат жұмыстары барлық талаптарға сай жүргізіліп жатыр деген баға берді.

Аралдағы экологиялық апатты бастан кешірген Сыр өңірінің халқына өзінің «жасыл саясат» тұғырнамасын түсіндірген кандидат Құсайынов бүгін Астанада республикалық қоғамдық комиссия өкілдерімен кездесті. Бұл кездесудің мақсаты - кандидаттың сайлауалды кампаниясы барысымен танысу. Құсайынов сайлау науқаны үш үміткер үшін де тең жағдайда жүріп жатқанын мәлімдеді.

Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат:

Бүгінгі таңда әрбір облыста штаб құрылған. Ол штабтар енді дұрыс ғимараттарда орналасқан. Әрбір штабта құралдар, керекті техника бар.

Әбілғазы Құсайыновтың пікірінше, қоғамдық институт өкілдерімен кездесу электоралды науқанның ашық өтуіне септігін тигізеді. Комиссияға өзінің жақтастары мен сенімді өкілдерін таныстарған үміткер, атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша биік нәтижелерден үмітті екендігін де жасырмады.

Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат:

Өзін ұсынған адамға түгел жағдай бар. Жаңағы айтылғандай, үгіт жұмыстары жүргізілуде. Қай деңгей болсын, бұл жұмысты атқарып жатыр. Сондықтан нәтижесі биік болады деп санаймын.

Үлкен жолдан кейін өткен жиында кандидаттың қоғамдық штабы атқарған жұмыстар пысықталып, жоспарлар талқыланды.

Рүстем Жоламан, ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың сайлауалды штабы жетекшісі:

Жұмыс кестеміз өте тығыз. Шынын айтайық, жоспарлап отырмыз біраз аймақтарға баруды. Біраз ұжымдармен кездесуге. Кандидатымыздың бағдарламасы бар. Оны әр сайлаушыға біз жеткізуіміз керек.

Штаб жұмысымен толық танысқан қоғамдық комиссия кандидаттың үгіт-насихат жұмыстарынан заң бұзушылықтар таппады. Тіпті үміткердің жұмысын нәтижелі етер кеңестерін де аямады.

Нұрлан Ерімбетов, сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия төрағасы:

Біздің байқағанымыз, барлық жасап жатқан шаралары өте орынды, заңға сай. Өздеріне кедергі келтіріп жатқан жағдайларды олар көрген жоқ. Баратын елді мекендерге барып, кездесулер ұйымдастырып, ойларын, бағдарламасын жеткізе алып жатыр.

Осылайша, қоғамдық комиссияның оң бағасын алған Құсайыновтың штабы жоспар бойынша қайтадан жолға шықты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ


 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық