Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бақытжан Қажиев: Елімізде электр энергиясы құнының әр алуандығына жергілікті компаниялар жауапты

AstanaTV
06.04.2015ж. 20:00
1213
 Бақытжан Қажиев: Елімізде электр энергиясы құнының әр алуандығына жергілікті компаниялар жауапты

Электр желілерін басқарушы «KEGOС» компаниясының басшылығы өңірлерде қуат көзіне белгіленген бағаның әр алуандығына қатысты түсінік берді.

Бақытжан Қажиевтің сөзінше, «KEGOС» компаниясының баға саясаты Қазақстан бойынша бір қалыпты. Компанияның табысы бекітілген қуат құнының 10 пайызын ғана құрайтын көрінеді. «Бір елдің ішінде түрлі бағаның орнауы - жергілікті кәсіпорындардың энергия тасымалдауға жұмсаған шығыны мен өзге де бірқатар себептерге орай бекітіледі», - деді Қажиев. 

Бақытжан Қажиев, «KEGOС» АҚ басқарма төрағасы:

Мына электр энергиямен қамтамасыз ететін мекемелер өздері әр электр өндіруші компаниялардан электр энергиясын сатып алуға мүмкіндік бар. Соған қосымша қосылатын тасымалдау қызметтері, және РЭК-тердің қызметі қосылады, сонымен тұтынушылардың жалпы бағасы болып шығады.

Депутаттар мен энергетиктердің кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында құрылатын болашақ ортақ энергетикалық кеңістік жайы да сөз болды.

Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің айтуынша, ортақ нарық жобасы әзір және мамыр айында одақтас мемлекеттер басшыларының кездесуінде талқыланбақ.

Вице-министр энергетика саласының интеграциясына байланысты энергия құны өзгере ме деген сауалды жауапсыз қалдырды. Алайда болашақ ортақ кеңістікте бір мемлекет аумағында қызмет етуші компания сол мемлекеттің заңына бағынады деп түйді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ



{