Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Профессор Ү.Бестереков: «Өзбекстан Сырдария суын химиялық қоспалармен ластап отыр»

AstanaTV
08.04.2015ж. 10:00
1517
  Профессор Ү.Бестереков: «Өзбекстан Сырдария суын химиялық қоспалармен ластап отыр»

«Өзбекстан Сырдария суын химиялық қоспалармен ластап отыр». Арнамызға берген сұхбатында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің профессоры Үйлесбек Бестереков осылай деді. Ол үш жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйенгенін айтады.

Үйлесбек Бестереков, М. Әуезов атындағы ОҚМУ «ҚР Су ресурстары сапасына мониторинг зертханасы» жетекшісі:

Сырдың суын ластауға үлкен үлес қосып отырған ел біздің ойымызша - Өзбекстан. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, Өзбекстан территориясынан шығатын су - ең жоғары ластанған дәрежеде.

Әсіресе, осының ішінде сынапқа қатысты мүмкіндігі шекті шоғыр 0,01 микрограмм литр болса, ол қазір 25-30 есеге артық. Молибденге қатысты 15-20 есеге асып кеткен. Хром, кадмий, мыс қатысты 1 микрограм литрден аспау керек, ол екі есеге  артып кеткен.

Оның айтуынша, Сырдың суында кездесетін 9 бірдей химиялық элементтердің мөлшері шектен тыс көбейіп кеткен. «Бұл қоспалар түрлі өнеркәсіп орындарының қалдықтары екені даусыз» - дейді ғалым. Мұндай жағдайда балық шарушалығы мен егіс алқаптарының өнімін тұтыну да қауіпті деп отыр.

Айта кетейік, Сырдария өзені Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанды кесіп өтеді. Сондықтан мемлекет ішіндегі  зерттеу жұмыстарына 3 жыл бұрын НАТО-ның ғылыми комитеті  570 мың еуроға жуық грант бөлген.

Қаржының Қазақстанға тиген мөлшері 137 мың евро. Алайда, қаржының басым бөлігі зерттеу қондырғыларына үлестіріліпті. Ғалым Үйлесбек Бестереков «Су ресустары сапасына мониторинг зертханасының» жетекшісі ретінде, бұл қаржыны ақтағандарын айтады.

Енді Сырдарияның ластануы мәселесі бойынша өзен бойындағы төрт елдің ғалымдары Бішкекте бас қоспақ.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ