Жаңа маусымда Қазақстан курорттарының бағасы тағы көтерілді. ҚазТАГ
агенттігінің мәліметінше, жаз маусымы басталмай тұрып, Бурабай шипажайларындағы
«эконом» сыныпты демалалыс 50 пайызға қымбаттаған.
Егер өткен жылы Бурабайдағы жазғы үйлердің бір күндік құны 2 мың тенге
болса, биыл 3 мың теңге болмақ. Ал Балхаш көлі жағасындағы демалыста, «люкс»
бөлмелердің бағасы өскен. 2014 жылы тәулігіне 12 мың теңге болған бөлме, биыл 2
мың теңгеге қымбаттапты. Одан төмен сыныпты бөлмелердің бағасы 10 мың теңге
бола бермек. Қапшағайдағы шипажайлар құны бұрынғыша - 10-15 мың теңге
деңгейінде сақталып отыр. Сарыағаш минералды сауықтыру орталығындағы бағалардың
өсімі 2014 жылмен салыстырғанда болмашы.
Бір адамдық стандартты бөлме 300 теңгеге қымбаттап - 7 мыңға жетті. Ал
Зеренді, Баянауыл және Қарқаралы курорттарының құнында әзірге өзгеріс жоқ.
Қонақ үйлердегі екі адамдық орын Зерендіде 23 мың, Баянауылда 15, Қарқаралыда
16 мың теңге.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ