$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Халықаралық валюта қоры Қырғызстанға несиелік көмектің алғашқы бөлігін жіберуге дайын

AstanaTV
09.04.2015ж. 13:00
1287
Халықаралық валюта қоры Қырғызстанға несиелік көмектің алғашқы бөлігін жіберуге дайын

Халықаралық валюта қоры Қырғызстанға үш жыл ішінде 92,4 миллион доллар көмек бермек. РИА Новостидің хабарлауынша, алғашқы 13 млн доллар бұл мемлекетке бірер күннің ішінде түседі. Ал қалған сома әр жарты жыл сайын кезең-кезеңімен беріліп отырады. Қомақты қаржы бекер бөлініп отырған жоқ.

Қырғыз билігі қаржы секторын тұрақтандырып, экономикалық өсімді арттыру үшін бірқатар міндеттерді орындауы тиіс. Алайда, Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғысы келетін ниетін және инвестициялық бағдарламаларын халықаралық қор қолдап отырған жоқ. Олардың ойынша, елдің мемлекеттік қарызы онсыз да қомақты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ