Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда тұрғын үйден табылған граната елді әбігерге салды

AstanaTV
10.04.2015ж. 20:00
903
Алматыда тұрғын үйден табылған граната елді әбігерге салды

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен граната табылды. Бұл әскери мақсаттағы жарылғыш зат па, әлде оқу-жаттығу жиындарына арналған ба, оны енді арнайы сараптама анықтайтын болады. Күдікті затты сол үйдің тұрғындарының бірі кеше байқаған. Ол  терезе маңында жатқан гранатаны көріп, бірақ оны оқу-жаттығу құралы деп қабылдап, құзырлы орындарға хабар бермегенін айтады. 


Үйіне келген соң ғана, ғаламторды ақтарып отырып, тауып алған гранатаның әскери мақсатта пайдаланылатынын білген. Бүгін  таңертең куәгер полицияға хабар беріп, үй маңы қоршауға алынды. Ал тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылды. Саперлер жарылғыш затты алып, арнайы зертханаға жөнелтті.

Дмитрий Шаяхметов:

Кіреберістегі қоймада тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан едім. Бір кезде терезенің қасынан соғыс фильмдерінен көретін гранатаға ұқсас зат тауып алдым. Досыма хабарласып едім, ол келіп көріп, жасанды екенін айтты. Сосын интернетті ақтарып, оның әскери қаруға ұқсас екеніне көз жеткіздім. Бүгін полицияға хабарластым.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ