Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Самұрық-Қазына» Силикон жазығында еншілес компания құру мүмкіндігін қарастырып жатыр

AstanaTV
13.04.2015ж. 13:00
895
«Самұрық-Қазына» Силикон жазығында еншілес компания құру мүмкіндігін қарастырып жатыр

«Самұрұқ-Қазына» Америкадағы Силикон жазығында «Самұрық Innovation» аталатын еншілес компания құрмақ. Жуырда қор басшысы Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілігімен құрылған жұмыс тобы  АҚШ-тағы Калифорния шаттына барып, бірқатар кәсіпорындарын аралап қайтты.

Атап айтсақ, Стэнфорд және Беркли сынды белді университеттер мен Tesla Motors, SolarCity сынды танымал инновациялық компаниялардың жұмысымен танысты - деп, қордың баспасөз қызметі хабарлады. Тараптар таза энергетика, газ-химия, көлік, медицина, ауыл шаруашылығы мен білім беру, ІТ саласын дамытуда әріптестік орнату мүмкіндіктерін  сөз етті. Қазақстандық делегация  Силикон жазығының іскер және ғылыми орта өкілдерін  мамырда Астанада өтетін экономикалық форумға шақырды. Форумда  «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде іске асырылуы мүмкін бірлескен жобалар талқыланады  деп жоспарлануда.

Айта өтейік, Tesla Motors  кәсіпорны алғашқы толық электрлі спорттық автокөлік құрастырған соң, дүние жүзіне танымал болды. Таяуда Х модельіндегі жол талғамайтын электр көліктерін құрастылмақ. Ал, SolarCity - Құрама штаттардағы энергетика саласында  қызмет ететін ірі компания. 2006 жылы құрылған кәсіпорын жекелеген тұрғындарды, кәсіпорындарды, тіпті мемлекеттік мекемелерді күн қуатымен қамтамасыз етіп отыр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА