$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Нұрсұлтан Назарбаев «Тоталь» компаниясының президенті Патрик Пуяннені қабылдады

AstanaTV
14.04.2015ж. 20:00
1282
Нұрсұлтан Назарбаев «Тоталь» компаниясының президенті Патрик Пуяннені қабылдады

Мемлекет басшысы француздың «Тоталь» компаниясы президенті Патрик Пуяннені қабылдады. Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Тоталь» компаниясы жұмысын Қазақстанда 1993 жылы бастап, содан бері ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысып келе жатқанына тоқталды. «Алдымызда зор міндеттер тұр. Ең маңызды істердің бірі - Қашаған кенішін және компания жұмыс істейтін басқа да блоктарды игеру болып отыр. Қазақстанда «Тоталь» компаниясының қатысуымен Дәнекерлеу институты жұмыс істейді, күн энергетикасы саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. Біз достық қарым-қатынастар мен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастық дәстүрін жалғастырамыз», - деді Президент. «Тоталь» компаниясының президенті шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аухалдың сақталуының маңыздылығын айтып, ынтымақтастық бұдан әрі дами береді деген сенім білдірді. 


Патрик Пуянне, «Тоталь» компаниясының президенті:

Бүгін Қазақстан Президентімен өте қызықты кездесу өтті. Бұл менің осы елге алғашқы сапарым. Біз «Тоталь» мен Қазақстанның келешектегі бірлескен жұмыстарын талқыладық. Ол Қашаған кенішіне, «Нұр мұнай» жобасын барлау жұмыстарына қатысты. Алда бізді үлкен жұмыстар күтіп тұр. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ