Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Нұрсұлтан Назарбаев: Су тасқынынан туындаған проблемалар толық шешіледі

AstanaTV
16.04.2015ж. 20:00
1000
Нұрсұлтан Назарбаев: Су тасқынынан туындаған проблемалар толық шешіледі

Су тасқынына байланысты туындаған проблемалар толық шешіледі. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев осыны мәлімдеді. Мемлекет басшысы тасқын салдарынан аймақтарда туындаған қиын жағдайдан хабардар екенін айтты.

15 мың адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін, зардап шеккендерге көмектесу үшін 5,5 мың құтқарушы мен 1,5 мың техника тартылғанын, абырой болғанда, адам шығыны жоғын атап өтті. Ал топан судан орасан жапа шеккен Қарағанды облысына 1 млрд теңге қаржы бөлінгенін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Облыс әкімдерімен үнемі байланыстамын. Қарағанды облысына 1 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде су деңгейі төмендеп келеді. Осы проблеманы шешеміз, алаңдаудың реті жоқ. Барлық тиісті шаралар қадағаланып жатыр. Осы мәселені шешуде барлық күштер мен мүмкіндіктер бар. Наурыз айында 1,5 метр қалың қар түседі деп ешкім күткен жоқ. Барлық өңірлерде жұмыс жасалып жатыр. Қатты алаңдап, дүрлігуге  негіз жоқ. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ