Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ұлттық банк ипотеканы қайта қаржыландыру туралы бағдарламаны қабылдады

AstanaTV
16.04.2015ж. 20:00
991
Ұлттық банк ипотеканы қайта қаржыландыру туралы бағдарламаны қабылдады

Үкімет пен Ұлттық банк бір шешімге келді. Ипотека алған борышкерлердің қарызын қайта қарау туралы бағдарлама ақыры қабылданды. Өткен аптада қоғамдық ұйымдар ипотека борышкерлерінің проблемаларын шешу мақсатына бөлінген қаражат берілмеуі мүмкін деп, дабыл қаққан болатын. Бастамашыл топ салық кодексіндегі кереғарлықтар бұл бағдарламаның жұмыс істеуіне кедергі болады деген уәж айтты. Десе де, бүгін Ұлттық банк басшылығы Ұлттық қордан бөлінетін 130 млрд теңге, ипотека алып, төлей алмай қалған азаматтардың мәселерін шешуге бағытталатынын, ресми түрде жариялады.

Бағдарлама борышкерлердің үстемақыларының көлемін азайтуға бағытталған. Бірақ негізгі соманы борышкер бәрібір төлейді. Қомақты қаражат 2004 және 2009 жылдар аралығында рәсімделген ипотекалық несиелерді ғана қаржыландырады. Себебі осы мерзімде қаржылық дағдарыстан зардап шеккен тұрғындар баспана қарыздарын өтей алмай қалған еді.

Қуат Қожахметов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

Банктерге қаражат 3 пайызбен үлестіріледі. Содан кейін екінші деңгейлі банктер оны өз мүмкіндігіне қарай тағы да жеңілдіктер қосып, борышкерлердің қарызын кешіруге жұмсауы тиіс. Бірақ қаржы институттары қарыз алушының негізгі қарызын кешіре алмайды. Бұл мемлекет қаржысы үстеме қарыздарды жабуға бағытталады. Қазір банктер жұмысты бастап кетті.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ