Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Каспий теңізінде браконьерлер ұсталды

AstanaTV
22.04.2015ж. 13:00
1325
Каспий теңізінде браконьерлер ұсталды

Шекарашылар Каспий теңізінде браконьерлерді оқ атып тоқтатуға мәжбүр болды. Олар Жайық-Каспий каналында жүрген екі қайықты байқап, тоқтауға белгі берген. Айтуларынша, су көлігіндегілер ескертуді орындаудың орнына қашуға тырысқан. Бұйрыққа көнбегендерді оқ атып, ұстаған. Екі қайыққа бөлінген сегіз адам, заңсыз балық аулауға ниеттенді деген күдікпен тергелуде. Қайықтардың бірінен бекіре балығын аулауға арналған 300 метр ау тәркіленген. Шекарашылардың пайымынша, ұсталғандар құнды балықтарды аулауды бастап үлгірмеген. Қазір тергеу амалдары жүруде.

Талғат Төребаев, Атырау облысындағы №2201«Г» әскери бөлімінің командирі:

Ұстамақшы болғанымызда қашып кетуге тырысты. Біз қару қолдандық, зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бір қайықтан 300 метр ау табылды. Ұсталғандардың бәрі өздерін атыраулық балықшылармыз деп отыр, бірақ қолдарында куәліктері жоқ. Іс бойынша барлығын анықтаймыз.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ